13
December
2022
«ЖЕЛТОҚСАН- ТӘУЕЛСІЗДІК БАСТАУЫ!»
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №128 жалпы орта білім беретін мектебінде «16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесін атап өту жоспарына сәйкес мектебіміздің тарих пән мұғалімдері 9-10 сыныптар арасында «ЖЕЛТОҚСАН- ТӘУЕЛСІЗДІК БАСТАУЫ» тақырыбында танымдылық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру.
2. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым.
3.Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу.
Ата - бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды болсын. Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай!





