08
December
2023
Жас ұланға қабылдау рәсімі
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты N128 жалпы орта білім беретін мектебінде республикалық бірыңғай “Жас ұлан” мен “Жас қыран” балалар мен жасөспірімдер ұйымына мүшелікке қабылдау салтанатты жиыны өтті.
Мақсаты: ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтарға сәйкес рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдерді қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу мақсатында республика бойынша барлық өңірлерде «Жас Ұлан» ұйымының жұмысын жандандыру.
Міндеттері:
Жасұландықтардың қоғамдық белсенділіктерін арттыру;
Оқушылардың танымдық қоршаған ортаға деген қызығушылықтарын арттыру;
Оқушыларды қоғамдық пайдалы шараларға тарту;
Балаларды заманға сәйкес дамытып, оларды жаңа қатерлер мен зиянды әрекеттерден қорғау;