19
декабрь
2022
"ӨНЕРІМ САҒАН, ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН!" АТТЫ САЛТАНАТТЫ ІС- ШАРА
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №128 жалпы орта білім беретін мектебінде 15.12.2022ж. күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 31 жылдық мерекесіне орай "Өнерім саған, Тәуелсіз Қазақстан!" атты салтанатты іс-шара өткізілді. Салтанатты іс- шара Қазақстан Республикасының Гимн орындалуымен басталды. Іс- шарада Ш.Қалдаяқов атындағы филормонияның әншісі “Сарын”тобының солисті 2019 жылдың үздік әншісі Құрбанәлиев Жамбыл, әнші Смайлова Айгерім, дәстүрлі әнші Нұржамал Жарылқапова, әнші Сұлтан Абдраймов, барлығы тәуелсіздіктің төл құрдастары ОҚМПУ- дің түлектері мен мектеп оқушылары өз өнерлерін көрсетті.
Мақсаты: оқушылардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру, ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту.





