28
ноябрь
2023
" Мәңгілік ел - мәртебелі тіл!"
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №128 жалпы орта білім беретін мектебінде " Мәңгілік ел - мәртебелі тіл!" атты қазақ тілі апталығында 23 қараша күні қазақ әдебиеті пәнінен 5 "Б" сыныбында З.Шиндалиева Ы.Алтынсарин "Атымтай жомарт" тақырыбында ашық сабақ өтті.Сабақтың мақсаты:Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау.Сабақтың құрылымы дұрыс жүйелі құрылған.Ұйымдастыруда қимақ қағаздар арқылы оқушыларды топқа біріктірді."Еңбекқор", "Жомарт","Мейірім". АКТ-ны пайдалана отырып домжұмысын пысықтады. "Суреттер:не болды?" әдісі арқылы сабақ тақырыбы ашылды.Оқушылар "Уақыт тізбегі" әдісі арқылы әңгіменің мазмұнын талдай отырып,оқиғаны ретімен баяндады.Шығармадағы кейіпкер бейнесін анықтап,мінездеме берді.Сабақ соңында "Еркін микрофон"әдісі арқылы кері байланыс беріп оқушылар өз ойларын білдірді , сабақ өз деңгейінде өтілді.


