Материалы за 15.11.2022 » №128 жалпы орта мектебі»
Municipal public institution
"Secondary school №128"
Education Department of Shymkent district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 43-50-93
Version for
visually impaired
» Материалы за 15.11.2022
СҮЙІНШІ!!!
15
November
2022
СҮЙІНШІ!!!
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖҮЛДЕ!  Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N128 жалпы орта білім беретін мектебінің 1 "Г"  сынып оқушысы Бағлан Сезім көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының әкім кубогіне қатысып ІІ дәрежелі диплом  ЖҮЛДЕГЕРІ ,   ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ, ТАШКЕНТ ҚАЛАСЫНДА,   ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТАН  ІІ ДӘРЕЖЕЛІ жүлдегері иеленді. Сезім қызымыздың көк туымызды биіктен желбіретіп, биіктерді бағындыра беруіне тілектеспіз! #РУМЦДОМОНРК #өзінөзібасқару_шымкент #школьное_самоуправление
"Салауатты өмір-нұрлы болашақ"
15
November
2022
"Салауатты өмір-нұрлы болашақ"
Шымкент қаласы білім басқармасы қарасты №128 жалпы орта білім беретін мектепте  "Салауатты өмір-нұрлы болашақ" атты дене шынықтыру пәнінің апталығының ашылу салтанаты өтті.  Мақсаты: Салауатты өмір салты, спорттың әр түріне қызығушылықты ояту арқылы оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту. Білімді, өнерлі, намысшы парасатты еңбекқор ұрпақ қалыптастыру.
"Құқық сабақтары- өмір сабақтары"
15
November
2022
"Құқық сабақтары- өмір сабақтары"
Шымкент қаласы білім басқармасы қарасты №128 жалпы орта білім беретін мектепте 5-7, 8-11 сыныптар арасында мектеп инспекторы Алиева Мадина және ДТІЖО Б.Кандазаев "Зиянды заттар- денсаулық жауы", " Оқушылар арасындағы қарым- қатынас, әлімжеттік пен бопсалау" , "Құқық сабақтары- өмір сабақтары" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп өтті. Оқушылар өздеріне тиісті сұрақтарды қоя отырып, жауаптарын алды. #тәрбиешымкентәдістемелікорталық  #Шымкентбілімбасқармасы  #Балаларжылышымкент 
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" 
15
November
2022
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" 
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты N128 жалпы орта білім беретін мектебінің кітапханашылары "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай" тақырыбында талқылау жұмыстары жүргізілді. МАҚСАТЫ: аңызды өмірмен байланыстыра отырып, талдау. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамытылады. Оқыту үрдісінде оқушылардың әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, өздеріне деген сенімдері, оқушының білімге деген ынтасын арттыру. #тәрбиешымкентәдістемелікорталық 
Құттықтау
15
November
2022
Құттықтау
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты N128 жалпы орта білім беретін мектебінің ДТІЖО Мугалбекова Ксения Мұхтарқызының туылған күні!  Осы қуанышты күні сізге деніңіздің саулығын, шаңырағыңызға ырыс байлығын, жүрегіңізге мәңгі жастық жалынын, көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілейміз. Әрдайым осы тыңғылықты да тындырымды қалпыңыздан танбай, табыстан табысқа жете беріңіз. Отбасыңыздан ынтымақ, басыңыздан бақ таймасын! Көңіліңіз ғұмыр бойы көтеріңкі болып, өмір айдынында қайғы-мұңды