19
декабрь
2022
"Жас ұлан" "Жас қыран"
"ЖАС ҰЛАН", "ЖАС ҚЫРАН" БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҰЙЫМЫ ҚАТАРЫНА ҚАБЫЛДАУ САЛТАНАТТЫ ЖИЫНЫ ӨТКІЗІЛДІ
N128 жалпы орта білім беретін мектебінде ҚР Тәуелсіздігінің 31 жылдығына орай бірыңғай "Жас ұлан","Жас қыран " балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау салтанатты жиыны өткізілді.
"Жас Ұлан","Жас қыран" ұйымына 2,5-сыныптың оқушылары қабылданды. "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы Елбасымыздың бастауымен құрылған болатын. "Жас Ұлан","Жас қыран" ұйымына кірген балалар, өскелең ұрпақ адами құндылықтарды бойына сіңірген, тәрбиелі сонымен қатар патриоттық сезімдері жоғары болатыны анық. Еліміздің патриоттарын тәрбиелеуде мектеп ұжымы мен "Жас Ұлан" ұйымы аянбай еңбек ете береді.





