1 шілде ДОМБЫР КҮНІ » №128 жалпы орта мектебі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
"№128 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
июль
2021

1 шілде ДОМБЫР КҮНІ

Домбыра – қазақтың паспорты мен бренді». Ұлттық домбыра күні 2018 жылдың 13 маусымында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен бекітілді.
Қазақстанда ең көне музыкалық аспап мерекесі шілденің бірінші жексенбісінде атап өтіледі. Бұл күн қазақстандық қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында құрылған. 
 «Домбыра қазақ үшін жай ғана музыкалық аспап емес, одан əлдеқайда биік тұрған киелі құндылық. Халқымыз домбыраға үкі тағып, төріне ілген, күйшілерді төредей күтіп, төбесіне көтерген. ЮНЕСКО шешімімен домбыра мен күй адамзаттың материалдық емес мәдени мұраларының тізіміне енді. Елімізде қасиетті қара домбырға деген құрмет ешқашан төмендеген емес», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. 
Домбыра күні қарсаңында Елбасы кітапханасы қазақтың домбырашылары мен күйшілеріне арналған бейнеролик дайындады. 
https://www.facebook.com/100029214576497/videos/547527639715511/

Похожие публикации:

02 ноябрь 2020 ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫ
02 ноябрь 2020 БІЛІМ ЗАҢЫ
02 ноябрь 2020 Тілдерді дамыту
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив