"МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ: КЕШЕ, БҮГІН, ЕРТЕҢ" АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №128 жалпы орта білім беретін мектебінде 15.12.2022ж. күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 31 жылдық мерекесіне орай "Менің Қазақстаным: кеше, бүгін, ертең" тақырыбында тарих пәні мұғалімі Смаилова И 11 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: оқушылардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру, ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту.