Хаттама ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС
Шымкент қаласы білім басқармасы « №128 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі _____________________________ | Коммунальное государственное управление «Общая средняя школа №128» отдела образования города Шымкент _______________________________ | |
ХАТТАМА | ПРОТОКОЛ | |
2021 жылғы 18 ақпан Шымкент қаласы | № 2 город Шымкент |
Қатысқаны:
- Р.Т.Бейсебаева- мектеп директоры
- Ш.Жуманов – қамқоршылық кеңесінің төрағасы
- Е.Алибеков - қамқоршылық кеңесінің мүшесі
- C.Құлдиярова - қамқоршылық кеңесінің мүшесі
- А.Аманжолова - қамқоршылық кеңесінің мүшесі
- М.Қадырбаев- қамқоршылық кеңесінің мүшесі
- М.Мугалбекова - қамқоршылық кеңесінің мүшесі
- Н.Серимбетова – ата-аналар комитетінің төрайымы
- Б. Кандазаев – ДТІЖО
- К.Мугалбекова – ДТІЖО
Күн тәртібінде:
- Мектеп директоры Р.Т.Бейсебаеваның 2020-2021 оқу жылының І жарты жылдығында атқарылған жұмыстар туралы есебі;
Тыңдалды:
Бірінші кезекте мектеп директоры Р.Т.Бейсебаева сөз алды: Құрметті Қамқоршылық кеңес мүшелері. Бүгін сіздермен Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №128 жалпы орта білім беретін мектеп директоры Қазақстан Республикасының 2020-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру мақсатында 2020-2021 оқу жылының І жарты жылдықта атқарылған есебімді беріп өтемін.
Қазақстан Білім туралы Заңының және 2020 жылғы 28 желтоқсандағы хаты Шымкент қалалық санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменттің 2021 жылғы 6 қаңтардың №1 қаулысы, қалалық білім басқармасының 2021 8 қаңтардағы №25 бұйрығына сәйкес мектебімізде 1-5 сыныптар арасында оқушы саны 15тен аспайтын 46 кезекші топтар ұйымдастырылды. 9-11 сыныптар аралас форматта яғни 70% штаттық форматта, 30% қашықтық форматта оқып жатыр. Жаңа оқу жылын 991 оқушымен бастап, І жартыжылдықты 994 оқушымен аяқтадық. Көрсетілген деректер НОБД базасымен сайкестендіріп отырылды.
І-ІІ тоқсанда 119 үздіктер, 264 екпінді оқушы болып аяқтап білім сапамыз 43.1% , үлгерімі 100% көрсетті.
1-4 сыныптар 454 оқушы
5-11 сыныптар 540 оқушы құрайды, жалпы 42 сынып комплектіміз бар.
Карантиндік режимде сақтық шараларды ұймдастыру мақсатында мектепте бір талай жұмыстар атқарылды.Мектеп экономиядан дезенфекциялық туннель 160000 теңгеге, антисептиктер,кілемшелер, кварц шамы 204240 теңгеге алынды. Мектептің қаражат есебінен интернет симкарталар 1245640 теңгеге алынды. Мектепте жалпы 273 компьютерлер бар яғни биылғы жылғы қажеттілікке байланысты 180 компьютер 31026410 теңгеге және 20 ноутбук 3200000 теңгеге алынды. Казіргі таңда қашықтықтан жүргізіліп жатқан жұмыстар нәтижесінде BilimLand және kundelik.kz платформаларымен жұмыстары жоғары деңгейде жүріп жатқанын айталамыз.
Азаматттардың барлық өтініш тілектері жедел әрі тиімді ұйымдастырытын халық үшін құлақ асатын,мемлекет тұжырымдамасын іске асыру бәрімізге ортақ міндет болғандықтан, ата-аналармен тиімді байланысу мақсатында OPEN SPACE іске қосылды. Ата- аналардың қашықтықтан оқыту кезіндегі туындаған мәселелер мен сұрақтар бойынша және жеке өтініштері қанағаттандыру мақсатында жедел әрі сапалы жауап беру мақсатында Call centre байланыс қызметі іске қосылып жұмыс атқаруда және мектеп басшысының, мектеп басшысының орынбасарларының номерлері барлығы әлеуметтік желіде жарияланды.
Мектебімізде 2020-2021 оқу жылында әлеуметтік картасы бойынша жалпы бала саны 994, оның ішінде көпбалалы 136 ,аз қамтылған саны 18, жартылай жетім 26, әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларының саны 188, қамқоршылықтағы оқушы саны 1, үйде оқытылатын оқушы саны 3.
Қайырымдылық акциясы барысында мектеп ұжымы тарапынан 11 оқушы азық- түлік, киім кешекпен, мектепке қажетті кеңсе заттарымен қамтамасыз етілген.
Бақытты бала, бақытты ана, бақытты отбасы, бақытты ел Шымкент қалаы білім басқармасының хаты негізінде, мектебіміздің қорғаншылықтағы оқушымыз Нұрман Айкүміс жаңа жылыдық президенттік шыршаға қатысып, 100 мың теңгемен қаржылай көмекпен қамтылды.
Тамыз айында 334 оқушыға бір реттік көмек ақшалай берілді. Көпбалалы, жартылай жетім, аз қамтылған отбасынан шыққан 45 оқушыларға қосымша бір реттік көмек берілген.
Қазан айында кешенді қалған 13 оқушыға 30 мыңнан берілді. Бір реттік көмекке 11млн 760мың қаржы жұмсалынды.
198 оқушыға ыстық тамаққа жалпы сомма 2млн 2 мын теңге ата-аналарының шоттарына түсірілген.
Мектебімізде жалпы 108 мұғалім қызмет жасайды. Оның ішінде:
Педагог шебер:1
Педагог зерттуші: 13
Педагог сарапшы: 26
Педагог модератор: 31
Бірінші санатта: 1
Екінші санатта: 2
Санатсыз: 34
Магистр -5
HR-process бағдарламасы арқылы 5 мұғалім тест тапсырып, конкурстан өтіп мектепке жұмысқа қабылданды.
2019-2020 оқу жылынан бастап мектебіміз білім сапасын жақсарту және мұғалімдеріміздің кәсіби шығармашылығын шыңдау мақсатында «Ұлттық сауаттылық» орталығымен қоғамдастықта жұмыс атқаруда. Осы оқу жылында мектебіміздің біршама мұғалімдері зерттеу сабақтарын жүргізіп оқушылардың білім сапасын зерттеп, зерттеу жұмыстарын қауымдастықтың «Зерттеуші мектеп» журналына республика көлемінде ұстаздарға тәжірибелерін жариялады. Атап айтатын болсақ бастауыш сынып мұғалімі А.Калтурсинова «Құрастырып жазу негізіндегі баланың оқу тәжірибесін қалыптастыру мәселелері» жұмысы бойынша өз нәтижелерімен бөліссе, физика пәнінің мұғалімі Н.Айтқұлова «Академиялық ертегі негізінде қалыптасатын теориялық білімдер мен оқушы тәжірибесіндегі шығармашылық» тақырыбындағы мақаласымен бөлісті.
Мұғалімдердің жетістіктеріне қарай 2020-2021 оқу жылында «Зерттеуші мектеп» журналына мектебіміздің 48 мұғалімі мүшелікке еніп семинарларға қатысу арқылы қазіргі таңда зерттеу сабақтарын жоспарлап, жүргізіп жатыр. Мектебімізде «Оқуға құштар мектептер» жобасы аясында «Оқырман клубы» құрылып, алғашқы кітап оқу акциялары өткізіліп жатыр.
Биылғы оқу жылынан бастап барлық олимпиадалар, байқаулар Дарын орталығымен ұймдастырылып келеді. Мектеп оқушылары әр түрлі байқауларға, олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Атап өтсек жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жоба конкурсының екінші кезеңінің бірінші туры жобаны қорғауда «Экономика» секциясы бойынша 11 сынып оқушысы Умирзақов Қуаныш және жетекшісі Алиханова Гулжан дипломмен марапатталды. Қазақстан Республикасының Тұнғыш президент күніне орай өткізілген 10-11 сыныптарға арналған Қазақстан тарихы пәні олимпиадасынан Көпжасар Аружан, Құдайберген Аяулым, Арыстан Ақбота, Әлмаханбетова Ақнұр екінші дәрежелі дипломдарға ие болды. Сонымен қатар Дарын орталығынан әзірлеген тапсырмалары бойынша 8-11 сыныптар аралығында өткізілген пән олимпиадасынан бір қатар оқушылар мектепішілік олимпиадасынан өтіп, екінші кезеңге жолдама алды. Республикалық математикалық зияткерлік Самұрық олимпиадасына 89 оқушы қатысып, 42 орын алдық. 2 оқушы І орынға ие болып Шымкент қалалық әдісткмелік орталығының дипломдарымен марапатталды.
Мектебімізде ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылы 22 сәуірдегі №222 бұйрығының орындалуының тұжырымдамасы негізінде 2020-2021 жылының бірінші жартыжылдығында мына жұмыстар атқарылды: Тәрбие жұмысына байланысты 8 бағытта жұмыстар жүргізілді. Жоспарға сай сыныптар бойынша онлайн,оффлайн форматта ашық тәрбие сағаттар өтілді.
Құқық бұзушылықтың алдын алу, ерте жүктіліктің алдын алу бойынша оқушылар арасында үнемі түсіндірме жұмыстары, тәрбие сағаттары, жиналыстар мектеп педагог- психолог тарымен мектеп инспекторының қатысуымен жүргізіліп тұрды.
Оқу жылы басында оқушылар арасында ашық онлайн түрінде Google Forma арқылы Жас ұлан ұйымына президенттігіне, мүшелеріне сайлау өтіліп, нәтижесінде Пернебекова Гүлайна сайланды. Жас ұлан ұйымы жоспар бойынша өз жұмыстарын атқаруда. Оқушылар арасында дөңгелек үстелдер, пікір- таластар, танымдық сабақтар жүргізіліп тұрады. Жас ұлан ұйымына биыл 95 оқушы қабылданды. Жалпы жас ұлан ұйымында 490 оқушы, Жас қырын ұйымында 349 оқушыны құрайды.
TEDx жобасы бойынша былтырдан бастап жұмыс жүргізіліп келе жатыр, оқушылар берілген тақырыптарға ақпарат жинақтап өз ойларымен бөлісуде.
Адал ұрпақ ұйымы мектепте құрылды. Ұйымда 156 оқушы бар. Адал ұрпақтың мүшелері өскелең ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, әділдік сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға жұмыс жүргізіп жатыр, сонымен қатар оқушылар мен мектеп ұжымы арасында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты тақырыбында үнемі түсіндірме жұмыстар, жиналыстар, тәрбие сағаттары жүргізіліп жатыр.
Тәрбие жоспарына сәйкес «Кибербулингтің алдын алу» бойынша оқушылар арасында гугл форма арқылы тестер алынды, «Интернет – клуб шақырады», «Желідегі қарым-қатынас әдіптілігі», «Ғаламтор және біз», «Кибербулинг деген не?» тақырыптарында ашық тәрбие сағаттар, танымдық сабақтар жүргізілуде.
Мектеп кітапханашылары Гүлназ Ибрагимова мен Баймышева Мақпал оқушылармен «Кітап рухани қазына» атты тәрбие сағатын өтті, сонымен қатар «кітап ең сабырлы ұстаз» тақырыбында ақын жазушы Закида Рахымқызымен онлайн кездесу өткізді.
Абай Құнанбаевтің 175 жылдығына орай оқушылар 21 ғасыр «Абай оқулары» байқауына қатысып, Перенебекова Гүлайна қалалық іріктеу кезеңінің жүлдегері атанып дипломға және Абай жолының төрт томдық роман эпопеясына ие болды. Мектеп оқушылар арасында Абай өлеңдерінен челендж өткізіліп ұйыдастырылды.
Салауатты өмір салтын ұстану барысында мектеп қызметкерлері арасында президенттік сынақтар алынды. Оқушылар арасында мектепішілік, аудандық шахмат түрнирлері өткізіліп, оқушыларымыз аудандық кезеңіне жолдама алды. Сыныптар арасында «Зиянды заттардан аулақ болайық», «Есіркіге біз қарсымыз» және т.б тақырыбында тәрбие сағаттар өтілді.
Дене шынықтыру пәні бойынша «Шахмат әлемінде» «Тоғыз құмалақ- дала математикасы» тақырыбында қалалық вебинар өтілді.
Мектеп педагог-психологтары өз жоспарларына сәйкес ата-аналар оқушылар арасында тренингтер жүргізіп жатты.
Жоспарға сай ата-аналар жинастары ZOOM платформасы арқылы өтілді. Жиналыстарға Абай ауданның полиция майоры Жеңіс Бекбаев, плиция лейтенанты Қуаныш Есенгелді, төтенше жағдайларының маманы Али Темірбек қатысты.
Алда басты мақсатымыз білім сапасын көтеру. Ол үшін,білім басқармасы мен әдістемелік орталық тарапынан барлық қолдаулар, әдістемелік көмектер көрсетілу арқылы бірігіп жұмыс жүргізілуде - деп айтып өтті.
Қамқоршылық кеңестің мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, берілген сұрақтарға мектеп директоры толық жауаптарын берді.
Қамқоршылық кеңестің төрағасы Ш.Жуманов пен қамқоршылық кеңестің мүшелері А.Аманжолова мен Е.Алибеков мектеп директорының жұмысына оң бағасын беріп, мектеп ұжымына алғысын білдірді.
Шешімі:
- Мектеп директоры Р.Т.Бейсебаеваның есебін қанағаттанарлық деп есептелінсін;
- Мектеп жұмысы жандандырылсын;
Қамқоршылық кеңесінің төрағасы: Ш.Жуманов
Қамқоршылық кеңесінің мүшесі: А.Аманжолова
Қамқоршылық кеңесінің мүшесі: Е.Алибеков
Қамқоршылық кеңесінің мүшесі: С.Құлдиярова
Қамқоршылық кеңесінің мүшесі: М.Қадырбаев
Қамқоршылық кеңесінің хатшысы: К.Мугалбекова